ЕР ЕСІМІ — ЕЛ ЕСІНДЕ!

Сұлтанбеков Нұргелді, ҰОС ардагері

СҰЛТАНБЕКОВ Тұргелді 1923 жылдың 11 мамыр күні Ордабасы ауданы «Ленин туы» ауылында дүниеге келген.

1942 жылы әскерге шақырылып, танкілі-атқыштар полкінде қызмет етті. 1944 жылы Литвадағы шекара қызметіне жіберілді. Шекарашылардың әскери жасағында 1948 жылға дейін болып, Литва қалалары маңындағы бандиттік құрылымдарға қарсы соғысты.

Елге оралғаннан кейін Шымкент педагогика институтында оқып, тарих-география пәнінің мұғалімі мамандығын алып шықты. Алғабас ауданы «Шалдар» совхозындағы орта мектепте 45 жыл мұғалім болып істеді.

Зейнеткерлікке шыққаннан кейін балаларымен бірге Шымкент қаласында тұрады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*