ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ МЕКТЕПТЕР МЕН БАЛАБАҚШАЛАРДЫ АРАЛАДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Х. Досмұхаметов атындағы №4 жалпы орта мектепте жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.

Алғаш білім ошағының іргетасы 1939 жылы қаланған. Кейіннен 1991 жылы жаспарлас ғимарат бой көтеріп, мектеп кеңейе түскен. 1200 орындық білім ордасында бүгінде «Югстрой сервис-Н» құрылыс компаниясы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жөндеу жұмыстарымен қатар, білім ошағында жаһаздар, оқушы партасы да жаңартылады. Сондықтан, Мұрат Дүйсенбекұлы мұндағы парталардың қолданысқа жарайтынын қажеттілігі бар өзге мектептерге беруді тапсырды.

Қала әкімі бұдан кейін №13 «Ертөстік» балабақшасына барды. Іргетасы 1939 жылы қаланған бөбекжай 310 орынға арналған.

«Биыл қалада 6 балабақша мен 7 мектептің күрделі жұмыстарын жүргізу үшін қаржы қаралған. Сонымен қатар, бір мектептен тыс мекемемен бір колледж ғимараты да биыл жөнделеді. Бұдан бөлек 17 спорт алаңы ағымдағы жөндеуден өтеді. Тағы 24 білім ошағына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Оның жетеуін келесі жылы жөндеу үшін жобалық сметалық құжаттарын жасайтын боламыз»- дейді қала әкімі.

Бүгінгі күнде әбден тозығы жеткен ескі ғимаратқа «KazIntelGroup» ЖШС күрделі жөндеуді жүргізіп жатыр.
Мердігер жоспарланған кестеге сәйкес, бөбекжайдағы құрылыс жұмыстарын тамыз айында бітіруі керек.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*