Қала аумағындағы «Халық банк», «Каспий банк» және «Қазпочта» филиалдарындағы жағдай қалыпты. Қазіргі таңда айдың басы болғандықтан, банктерге тұрғындар зейнетақы, жәрдемақы, жалақы алу үшін көптен жиналып жатқаны белгілі. Дегенмен, індеттің алдын алу мақсатында сақтық шаралары қатаң сақталған.
Мәселен, «Нұрсәт» шағынауданындағы «Халық Банк» бөлімшесі мен А.Асқаров көшесіндегі «Хоум банк» және «Халық Банк» бөлімшелерінен келушілерге арналған күту орындары дайындалған.
Қиын-қыстау кезеңде банк бөлімшелері осылайша жұмыстарын ширатып, сақтық шараларын күшейткен. Пандемияға байланысты қазір банктердің 80% қызметін онлайн арқылы пайдалануға болады. Сонымен қатар, банк карталарымен кез келген төлем түрлерін жасауға мүмкіндік бар.
Айта кетейік, еліміздің барлық аймағында коронавирустың таралауына жол бермеу үшін қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Сауда орындары, әлеуметтік мекемелер мен қоғамдық көліктерде санитарлық-дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Жалпы ел бойынша санитарлық және залалсыздандыру шараларына ерекше көңіл бөлінген. Көпшілік жұмыс істейтін мемлекеттік және өзге де мекемелердің кіреберісіне қолды дезинфекциялауға арналған құралдар қойылып жатыр.