Қаламыздағы №63 негізгі орта мектеп ғимараты 2012 жылы 300 орынға арналып салынған. Қазіргі таңда «Отано ЛТД» ЖШС білім беру мекемесіне қосымша асхана, шеберхана, спорт зал құрылысын бастап кетті. Мердігер мекеме өкілдерінің айтуынша, ғимарат құрылысына тек отандық құрылыс материалдары қолданылып жатыр екен. Биыл пайдалануға берілуі тиіс ғимараттың қазірде іргетасы құйылған. Бүгін нысанның алғашқы кірпішін Мұрат Дүйсенбекұлы қалады.
Сондай-ақ, Мұрат Әйтенов Н. Лермонтов атындағы №17 жалпы орта мектепке барды. 750 орынға арналған білім беру мекемесі 1963 жылы салынған. Бұл нысанның құрылысын «Өмірзақ» ЖШС жүргізіп жатыр. Мұнда 300 орындық қосымша ғимарат бой көтереді. Мектеп ел игілігіне 2020 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп жоспарланған.
Айта кетейік, биыл еліміздегі үшінші мегаполис атанған Шымкент ұаласында 9 мектепті пайдалануға беру көзделіп отыр. Оның үшеуі 1200 орындық жаңа мектеп болса, бесеуі 300 орындық қосымша құрылыс. Тағы біреуі 100 орындық саз мектебі болмақ.