АРДАГЕРЛЕРГЕ ЖАН-ЖАҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛГЕН

Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев «Ардагерлер туралы» Заңға қол қойып, көңілімізді марқайтты.

Бұл жаңалықты ардагерлерге деген үлкен құрмет деп қабылдадым. Қазақта «Қариясы бар үйдің — қазынасы бар» деген нақыл сөз бар. Қариялардың әлеуметтік жағдайын жақсарту бүгінгі күні өзекті болуына байланысты, аталған Заңда арнайы мемлекеттік жәрдемақы төлеу, ақшалай немесе заттай мәндегі әлеуметтік көмек, тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері қамтылған. Сондай-ақ жеке тұрғын үй салу үшін біржолғы бірінші кезекте жер учаскелерін алу, амбулаторлық-емхана ұйымдарының қызметін артықшылықпен пайдалану және ауруханаға кезектен тыс емделуге, білікті медициналық көмек алуға, протез-ортопедия бұйымдармен тегін қамтамасыз етілуге, байланыс қызметтерінің барлық түрін кезектен тыс пайдалануға, салық салудағы жеңілдіктер, ардагер мүгедектеріне мүгедекті оңалту бойынша ұсынылған әлеуметтік қолдаудың шаралары шет қалмаған.

Қорыта айтқанда, қолданысқа енген бұл Заң ардагерлер үшін өте маңызды және үлкен көмек деп есептеймін.

Қалтай Бектасов, ҰОС ардагері

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*