БАТЫРЫН ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛДІҢ МЕРЕЙІ ҮСТЕМ

Елімізде «Ардагерлер» туралы Заңның қабылдағанын естідім. Балаларым мен немерелерім Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оған теңестірілгендер, тыл еңбеккерлері, Ауған соғысына қатысқан азаматтарға да көптеген жеңілдіктердің жасалып жатқанын жеткізіп, қуантып қойды.

Менің жасым 98-ге таяды. Ұлы Отан соғысына 19 жасымда аттандым. Бүгінде ардагерлер қатары сиреп барады. Бізден кейінде соғыстың зардабын тартқан ұрпақтар аз емес. Ауған жерінде болған соғыста қаншама боздақтардан айрылдық. Чернобыль зардабының өзі қаншама азаматтарымыздың денсаулығынан айырды.

Мұның бәрін неге айтып отырмын? Осы қиындықтарды еңсерген азаматтар да — нағыз батырлар. Балаларым жеткізген жаңалықта осы ардагерлердің статусын айқындапты.

Батырын қадірлеген елдің мерейі үстем. Мемлекеттің ардагерлерді назардан тыс қалдырмай, қамқорлық танытқанына марқайып қалдым. Бұл – ардагерлерін ардақтаған елдің озатынының тағы бір айқын көрінісі.

Төрегелді Сұлтанбеков, Ұлы Отан соғысының ардагері

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*