ЕР ЕСІМІ- ЕЛ ЕСІНДЕ!

Ұлы жеңістің 75 жылдық мерекесіне орай Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты мекемелер әртістері мен әншілері онлайн телевизиялық түсірілім жасап, ұлы мерекемен құттықтады.

Елімізде орын алған қиындықтан мойымай бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған қазақ еліне үйде отырып онлайн концерт көруіне, соғыста ерлікпен қаза болған ата апаларының рухына тағзым етіп, қазіргі уақытта қасымызда қазына болған ардагер қарияларға құрмет көрсетуіне зор ықпал берді деп зор сеніммен айтуға болады.

Концерт барысында соғыс жылдардағы көріністер сахналанып, әндер шырқалды.Бір сағаттық мерекелік бағдарламаны ауладағы тұрғындардың бәрі тамашалады.

«Ардагерлер үшін парад өте маңызды. Биыл коронавирус пандемиясына байланысты парад болмайды. Сондықтан мерекелік бағдарламаны жаңа форматта өткізу туралы шешім қабылдадық», — деді мәдениет қызметкерлері. Сондай-ақ, өнер иелері әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары арқылы тікелей эфирге шығып өнерлерімен бөлісіп тұруды жөн санаған.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*