Аудан аумағында қарқынды жұмыс жүріп жатқаны жайлы әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов хабарлады.
— Қазіргі таңда, аудан аумағында орналасқан 2 гүлзарда абаттандыру, қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Соның бірі, «Д.Қонаев даңғылы мен Ғ.Иляев көшесі қиылысындағы гүлзарды көріктендіру жұмыстарының» жобасы. Нысан аумағында газон алаңы толықтай жаңартылып, веложол, жарық шамдар және орындықтар орнатылу қаралған. Қосымша қылқан жапырақты ағаш көшеттері, декоративті гүлдер отырғызылатын болады, — дейді аудан басшысы.
Сондай ақ, Д.Қонаев даңғылы мен Түркістан көшесі қиылысындағы гүлзарды көріктендіру жұмыстары басталған.
Аудан басшысының айтуынша, бұл нысандар Шымкент қаласының өзіндік келбетін сипаттайтын және қала тұрғындарының демалуына ыңғайлы орта болатын аумаққа айналатын болады.
Айта кетейік, аудан аумағында 13 саябақ, 18 гүлзар, 17 ескерткіш және 11 субұрқақ бар.
Еске сала кетейік, Өткен жылы Брест қаласында (Беларусь) «ТМД елдерінің мәдени астанасы» эстафетасы Қазақстанның Шымкент қаласына табыс етілген болатын. Осылайша екі мыңжылдық тарихы бар Шымкент қаласы 2020 жылы ТМД елдерінің мәдени астанасы атанды.