БАЗАРЛАР ЖҰМЫСЫН БАСТАЙДЫ

Шымкент қаласы аумағындағы базарлар 12 мамырдан бастап (автокөлік базары мен мал базарынан бөлек) сағат 10:00-ден 18:00 аралығында жұмыс істей бастайды.

Бұл туралы ақпараттық коммуникация-орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр мәлім етті.

Сонымен қатар, ертеңнен бастап, таңғы 07:00 мен кешкі 21:00 аралығында қоғамдық көліктер де жұмысқа кіріседі.

— Қазақстанда бүгіннен бастап төтенше жағдай режимі алынды. Алайда пандемияның кең таралуына жол бермеу мақсатында Шымкент қаласы аумағында 11 мамырдан 25 мамырға дейін карантин тәртібі сақталады. Қазіргі таңда қаланың кіреберістерінде 18 блок-бекет жұмыс істеп тұр. Барлық жағдай қатаң бақылауда. Дегенмен, карантин талаптары біршама жеңілдетілуде. Бұл ретте, Шымкент қаласында 12 мамырдан бастап қоғамдық көліктер таңғы 07:00 мен кешкі 21:00 аралығында тиісті санитарлық нормаларды сақтай отырып, жүре бастайды, — деді қала әкімінің бірінші орынбасары.

 

Ербол Садыр сейсенбі күннен бастап жұмыс істеуге рұқсат берілген нысандарды атады.

Олар:

  • Медициналық орталықтар, сауда ойын-сауық орталықтарына рұқсат беріледі. Алайда, оның ішіндегі ойын-сауық қызметтеріне шектеу қойылады. Яғни, балалар ойнайтын алаңшалары, мұз айдыны, тамақтану орындарына адамдардың баруына тыйым салынған.
  •  Қоғамдық тамақтану орындары бұрыңғы тәртіппен жұмыс жасайды. Таңғы 10-нан кешкі 22:00-ге дейін онлайн тапсырыс беру арқылы жұмыс жасайды.
  •  Қала ішіндегі тойханаларға да рұқсат жоқ.
  •  Көлік және мал базарларынан басқа сауда орындары жұмыс істейді.
  • Құрылыс дүкендері, гүл, зоодүкендердің жұмыс істеуіне рұқсат беріледі.
  • Техникалық қызмет көрсететін орындар, яғни, автожуу, шиномонтаж, автосалондар өз қызметтерін жалғастыра алады.
  •  Бизнес центрлер. Оның ішінде сақтандыру компаниялары, адвокаттық қызметтер, нотариустерге, бухгалтер және консалтингтік қызметтер, жеке сот орындаушылардың қызметіне рұқсат беріледі.
  • Типографиялар, тігін және аяқ киім шеберханаларына рұқсат етіледі.
  • Туризм саласына байланысты қонақ үйлер мен хостелдер

Сондай-ақ, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы кезең-кезеңмен жұмыс істейтін болады.

Ертеңнен бастап, 4 ауданда бизнеске қызмет жасау үшін ХҚКО ашылады. Арнайы авто цондар ашылады.

Дегенмен, барлық нысандардағы санитарлық талаптар сақталуы шарт.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*