ШЫМКЕНТТЕ КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ

Шымкент қаласында 11 мамыр күні коронавирус жұқтырған бір науқас көз жұмды. 1955 жылғы азаматша Шымкент қаласы, Қаратау ауданының тұрғыны. 65 жастағы азаматша 2-мамыр күні ЖРВИ диагнозымен жедел жәрдем қызметі арқылы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген. Науқастан зертханалық сынамасы алынып, ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысы COVID-19 теріс нәтиже берген.

6 мамыр күні азаматша жағдайының ауырлығына байланысты жансақтау бөліміне ауыстырылып, ИВЛ аппаратына қосылған. Қайта ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысы жүргізіліп, COVID-19 диагнозы қойылды.

Науқастың қосалқы аурулары: Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, 3-ші дәрежелі артериалдық гипертензия, семіздік ауруының екінші дәрежесі, созылмалы калькулезді холецистит, созылмалы панкреатит.

Науқас емдеу хаттамасына сәйкес, қажетті ем шаралары жүргізіліп, республикалық мамандармен бірнеше рет кеңес өткізілген. Жүргізілген реанимациялық іс-шараларға қарамастан, 11 мамыр күні, сағат 11:55-те науқас қайтыс болған.

Науқаспен қарым-қатынаста болған отбасы мүшелеріндегі 1 азаматтан коронавирус инфекциясы анықталып, емдеу шаралары жүргізілуде, жағдайы жақсы.

2020 жылдың 11 мамыр күнгі жағдай бойынша Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының 239 жағдайы тіркелген.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*