ШЫМКЕНТ: МАҚТААРАЛҒА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛДІ

2020 жылдың 1 мамырында Өзбекстанның Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасының бөгеті жарылды. Соның салдарынан елдімекендерге, коммуникациялық желілерге, егістіктерге зақым келді.

Осы су тасқыны салдарынан Түркістан облысы Мақтаарал ауданына қарасты бірнеше елдімекенге су тасқыны жайылып, зардап шекті. Бүгінгі таңда 31 606 тұрғын 14 елдімекеннен эвакуацияланды. Оның ішінде 6 127 тұрғыны бар 5 елдімекенді су толығымен басты. Бұл – Жеңіс, Жаңа Тұрмыс, Фердоуси, Өргебас және Достық елдімекендері.
Шымкент қаласынан Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен елдімекендерге қайырымдылық көмек жалғасуда.

Осы орайда Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов және қалалық «Зекет» қоры бастаған бір топ еріктілер Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға жүк көлігі арқылы гуманитарлық көмек жөнелтілді.

Айта кету керек, Шымкент орталық мешітінде қайырымдылық заттарын жинау, қабылдау орталығын құрылған еді. Осы орталыққа Шымкент қаласындағы барлық мешіт имамдары мен мешіт жамағаттарымен бірлесіп ең қажетті гигиеналық, киім-кешек, көрпе-төсек, азық-түлік заттары мен қаржылай көмек жиналды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*