БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ 300 АУЛА АБАТТАНДЫРЫЛАДЫ

Шымкентте жыл басынан бері 57 аула абаттандырылып, ел игілігіне берілді. Оның ішінде 30 жылдан бері балалар алаңшасы болмаған көпқабатты тұрғын үй аулалары да бар.

Ондағы аяқжолдар жаңғыртылып, есік алдына орындықтар орнатылып, жарық шамдар қойылған. Ішкі орамдағы жолдар да төселген. Балалар алаңшасына төселетін жұмсақ резеңке төсеніштер мен асфальт бұзылса, мердігер ұйымдар қайта жөндейді. Бір қуанарлығы, құрылысқа қажетті заттардың басым бөлігі — отандық. Ең бастысы сапаға мән беріліп отыр.

Мемлекеттік және жекеменшік әріптестік аясында жыл соңына дейін тағы 300 ауланы жөндеу жоспарланған. Ал, 2021 жылы 319 аула қайта жаңғыртылмақ. Бұған қоса спорт алаңдарын түгелімен жаңарту межеленген.

Атап айтар болсақ, биыл Абай ауданында 107 ауланы абаттандыру жұмыстары жоспарланған. Әл-Фараби ауданында 83 ойын алаңы мен 18 спорт алаңшасын құру межеленген. Ал, келер жылы 109 ойын алаңы мен 7 спорт алаңшасын құрылмақ.

Еңбекші ауданында биыл 83 аула абаттандырылып, 6 ашық спорт алаңшасы құрылмақ, 2021 жылы 9 ашық спорт алаңшасын құру жоспарланған.

2020 жылы Қаратау ауданында 57 аула абаттандырылып, 20 ашық спорт алаңы құрылды. Жыл соңына дейін тағы 8 аула жаңартылып, 10 ашық спорт алаңшасын салу жоспарда бар. 2021 жылы осы ауданда 58 аула қайта жаңғыртылмақ.

Бір сөзбен айтқанда, алдағы жылдары қаладағы көпқабатты тұрғын үй алдындағы аулалар біртіндеп толықтай жөнделетін болады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*