«Нұрсәт» шағынауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы келбетін қайта қалпына келтіру жұмыстарын, қала әкімі М.Әйтенов осы аумақты аралау барысында тиісті мекемеге тапсырған болатын.
Қазіргі таңда «АРТ құрылыс» ЖШС-нің 30 жұмысшысы қасбетті қалпына келтіру жұмыстарымен айналысуда. Қосымша 5 құрылыс техникасы, яғни, 1 кран, 1 газель және 2 жүк көлігі мен 12 жеделсаты тартылған.
Сыртқы әрлеу жұмыстарын талап етіп отырған үйлер әлеуметтік желіде жарияланған болатын. Бүгінде сол мәселе бойынша нөмірі №19, 20 көпқабатты тұрғын үйлердің бүгінде алғашқы үш қабаты бесқұдық таспен кейінгі қабаттары жауын-шашынға төзімді материалмен қаптау жұмыстары жүргізілуде.
Үшінші мегаполис тұрғындары «БҰЛ ҰЙЛЕРДІҢ СЫРТЫН ЖӨНДЕП БЕРЕМІН», — деп айтқан Мұрат Әйтеновке ризашылықтарын білдірді.
«Бүгін таң атқалы сақыр-сұқыр, тарс-тұрт еткізіп құрылысшы жігіттер жұмысты бастап жіберді. Бүкіл үйдің тұрғындары қуанып жүр. Мұрат Дүйсенбекұлының атасына рақмет айтып. Халықтан алғыс алу өзгеше рахат сезім ғой. Уәде беріп, оны орындау нағыз іскерліктің белгісі»,-дейді тұрғындар.
Ал құрылыс жұмыстары қала күніне орай, яғни маусым айында аяқталады деп жоспарлануда.