ШЫМКЕНТТІК ҚҰТҚАРУШЫ «DISCOVERY CHANNEL» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ «ЖҰЛДЫЗЫНА» АЙНАЛДЫ

Шымкент қаласы ТЖ департаментінің жедел-құтқару жасағының құтқарушылары су басқан Мақтаарал ауданында аянбай еңбек етуде.

Олар Жеңіс, Фирдоуси, Өргебас ауылдарында іздестіру-құтқару, тұрғындардың мүліктер мен мал-жандарын шығару жұмыстарына жұмылдырылған. Солардың ішінде Берік Төлегенов те бар. Ол Тоғыс құтқару стансасында 5 жыл құтқарушы болып қызмет етуде.

Өргебас ауылындағы суға кеткен төрт түлік малдарды іздестіру барысында Берік шәуілдеп көмек сұраған итті қайығына мінгізіп, ажалдан аман алып шыққан. Берік Төлегенов қазіргі уақытта су басқан Фирдауси ауылын ірі қара және ұсақ малдардың өлекселерінен тазарту жұмыстарымен айналысуда. Күнделікті атқаратын құтқару жұмыстарын өз кәсібі міндеті деп санайтын Беріктің осы әрекетіне танымал «Discovery Channel» телеарнасының ресейлік журналисттері де қызығушылық танытып, «Мир животных» бағдарламасына бейнесюжет түсірген.

5 жылдан бері құтқарушы қызметінде тер төгіп жүрген Берік қазір Фирдауси ауылын ірі қара және ұсақ малдардың өлекселерінен тазарту жұмыстарымен айналысуда. Ол күнделікті атқаратын құтқару жұмыстарын өз кәсібі мен міндеті деп санайды.

Ал, Беріктің құтқарған итті құшақтап түскен суретін әлеуметтік желіде танымал еткен фотограф Мақсат Шағырбай.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*