ҰЛТТЫҢ ДӘСТҮРІ ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

15 мамыр күні — халықаралық отбасы күні. Атаулы күн 1993 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен бекітілген. Бұл күнді белгілеу түрлі мемлекеттерде қоғамның назарын отбасына аудару қажеттігінен туындаған. Отбасы күні алғаш рет 1994 жылы аталып өтілген.

«Отан отбасынан басталады» деп жатамыз. Жанұяның береке-бірлігі – әр сәбидің болашақ қадамы. Отбасы – ол да бір шағын мемлекет. Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарыңа, туған-туысқандарыңа деген сүйіспеншіліктен басталады» деген болатын. Осы шағын ғана мемлекетте ата-ананың орны қалай ерекше болса, сәбидің де алар орны маңызды. Бала үшін әкесі мен анасының мейірімінен асқан ештеңе жоқ.

Ал ата-ана үшін бала өмірінің мәні де сәні. «Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар» деген де нақыл сөз бар. Бұл сөздің астарында үлкен мән жатыр. Бала артыңда қалар ұрпағың. Атыңның жалғасы. Елінің болағашы. Сондықтан отбасы күні қоғамда ерекше орын алады. Бұл күннің маңыздылығы зор.

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та Отбасы күнінің маңыздылығына ерекше тоқталған болатын. «Біздің қоғамда отбасы әрқашанда рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы, түрлі буындар арасын жалғастырушы болды және солай болып қала бермек. Отбасы күні біздің қоғамымызда руханилықты, өнегелілікті нығайтуға, ерлі-зайыптылар жауапкершілігінің маңыздылығын сөзсіз мойындауға ықпал етеді»,- деген болатын Елбасы.

Күнделікті күйбің тіршіліктің бір күнінде отбасы күнін атап өтудің өзі жанұя мүшелерінің бір-біріне деген құрметін, сыйластығын, сүйіспеншілігін арттырады.

Әрдайым отбасымыз аман, бауырымыз бүтін болсын!

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*