ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 1807 ЖҰП ОТБАСЫН ҚҰРҒАН

Шымкент қаласында жыл санап отбасын құрған жұптар саны артып келеді. Мәселен, өткен жылы үшінші мегаполисте 8214 жұп заңды некеге тұрса, 2018 жылы 6825 жұп шаңырақ көтерген. Ал осы жылдың төрт айында 1807 жұп отбасын құрған.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының АХАТ бөлімінің мамандары отбасы мәртебесін арттыруға және отбасылық құндылықтарды нассихаттауға бағытталған жұмыстарды тұрақты жүргізіп, тоқсан сайын жастарға және некеге отыратын азаматтарға арналған дөңгелек үстелдер мен семинарлар өткізеді.

Айта кетейік, Неке және отбасы туралы ҚР заңына сәйкес, ер және әйел адамдар 18 жастан бастап некеге тұра алады. Сонымен қатар, белгілі себептерге байланысты ғана жергілікті АХАТ органдары неке жасын 2 жасқа төмендете алады екен.

Еске сала кетейік, бүгін 15 мамыр — халықаралық отбасы күні. «Отан – отбасынан басталады», ал отбасы — сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.

Қаламызда үлгілі отбасылар көп. Солардың бірі Шымкент қаласы Қаратау ауданындағы — Жұмабековтер отбасы. Отағасы Бағлан мен отанасы Гүлназ екі ұл бір қыз тәрбиелеп отыр. Олар әрқашан да ауданымыздағы атқарылып жатқан игі істерде белсенділік танытып, үнемі қатысып жүреді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*