Қазақстандық белгілі сарапшылар таяуда форсайттық зерттеуді іске қоспақ. Нәтижесінде 2035 жылға дейінгі еліміздің болашақ бейнесін жобалау, жекелеген тақырыптар бойынша қоғамның даму көріністері мен сценарийін жасау жоспарланып отыр.
Мұндай ірі зерттеу жұмыстарына жетекші сарапшылар қатысады. Форсайт КЕАҚ «Қазақстандық қоғамдық даму институты «Рухани жаңғыру» (ҚҚДИ) бастамасымен 2020 жылдың соңына дейін келесі тақырыптар бойынша өтеді: «Қазақстандық бейнені қалыптастыру», «Қазақстан халықаралық аренада» және «Инклюзивті дүниетаным мен инклюзивті қоғамды қалыптастыру».
КЕАҚ ҚҚДИ «Рухани жаңғыру» талдау және әдістемелік қамтамасыз ету басқармасының талдаушысы Гүлмира Сұлтанғазының айтуынша, форсайт – бүгінгі күні болашақпен жұмыс жасаудың тиімді әдістерінің бірі. Бұл қоғамдық сананы жаңғырту саласында алғаш рет қолданылатын елдің болашақ дамуының өзара қолайлы бейнесін жасауға мүдделі барлық акторлардың коммуникациясын қамтамасыз етеді.
Талдаушы зерттеу нәтижесінде белгілі бір тақырыптар бойынша қоғамның даму сценарийлері үш деңгейде ұсынылатынын атап өтті. Олар: ең жақын — 2025 жылға дейін, орташа — 2030 жылға дейін және қашық — 2035 жылға дейін. Болжамдар дамудың пессимистік, шынайы және оптимистік сценарийлерін қамтиды. Форсайттың қорытындысы ұжымдық іс-қимыл жоспары болып табылатын жол картасы деуге болады.
Форсайттың бірінші сессиясы маусым айында онлайн-форматында өтеді.
Форсайттық зерттеулер жұмысына сыртқы саясат саласының, білім беру мен инклюзивті білім беруді дамыту саласынының отандық және халықаралық жетекші сарапшылары мен практиктері қосылған.