«QAZAQTANÝ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛЫ ШЕТЕЛГЕ ТАРАЙДЫ

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің республика және шет елдерге тарайтын мерзімді баспасөз ретінде «QAZAQTANÝ» республикалық ғылыми журналының редакциясы өзекті зерттеулеріңіздің нәтижелерін ғылыми басылымның 2020 жылдың маусым айында шығатын келесі VІ нөмеріне жариялауға шақырды.

«Құрметті педагог-ғалымдар, жас ғалымдар, ғылыми-зерттеу орталықтары мен институттардың мамандары, білім, мәдениет және спорт басқармасының өкілдері 2020 жылы маусым айының соңында Республикалық ғылыми журналының жарыққа шығатын 1-6 номеріне 30 мамырға дейін мақалаларды қабылдау жалғасады»,- делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, журнал республикалық мәртебеге ие болған және «Рухани Жағыру» бағдарламасына ғылыми сүйемелдеу көрсететін жалғыз республикалық ғылыми журнал болып табылады. Сонымен қатар, қазақ тілінінен латын арпіне өзгертілді — «QAZAQTANÝ» деп аталып, гуманитарлық, педагогикалық, филологиялық және шығармашылық бағыттардағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жариялайды.

Сондай-ақ, редакция мақалалардың сапасын сараптау және бағалау мақсатында антиплагиат бағдарламасында тексерілетінін ескертуді жөн көріпті.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*