ШЫМКЕНТТІК ЖАСТАР РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ЧЕЛЛЕНДЖ ЖОЛДАДЫ

4 маусым — ҚР мемлекеттік рәміздер күніне орай Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығы «Көк тудың желбірегені» атты видео-challenge жолдады.

Аталған орталық бұл челлендж арқылы ел тұрғындарының Отанымызға деген махаббатын көрсетіп, рәміздер мәртебесін тағы бір арттыруын қалайды.

Челленджге қатысушылар қазақ эстрадасының әншісі Ибрагим Ескендірдің орындауындағы «Көк тудың желбірегені» әнін орындап, #көктудыңжелбірегені2020 хэштегі мен @resurstyq_ortalyq деп белгілеп, әлеуметтік желіге видео жүктеуі қажет.

Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.

Мемлекеттік рәміздерсіз тәуелсіз ел болмайды. Қазақстан да өз егемендігін жария­лаған кезде оны ең алдымен тәуелсіз елдің саяси мәртебесін білдіретін Тәуелсіздік декларациясын қабылдау арқылы бекітті. Содан кейін күн тәртібінде мемлекеттік рәміздерді қабылдау мәселесі тұрды. Еліміз­дің тұңғыш рәміздері – Ту мен Елтаңба тәуелсіздігіміздің жариялануының дәл 130-шы күні, яғни 1992 жылдың 4 маусымында қабылданды. Ал Әнұран мәтіні сол жылдың 11 желтоқсанында бекітілген.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*