ШЫМКЕНТТЕ ЕГІСТІК КӨЛЕМІ 1000 ГЕКТАРҒА АРТТЫ

Үшінші мегаполис атанған Шымкент қаласында егістік көлемі 1000 гектарға артқан. Бұл туралы аппараттық мәжіліс барысында ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А.Қаныбеков мәлімдеді.

Басқарма басшысының айтуынша, биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 27,6 мың гектарға жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1000 гектарға көп.

Сонымен қатар көктемгі дала жұмыстарына 1,25 мың тонна жанар-жағармай бөлініп, 174 – теңгеден 160 — теңгеге төмендетілді.

Ал минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялау бағдарламасына сәйкес 105,1 млн.теңге қаржы қаралып, бүгінгі таңда 1 мың тонна тыңайтқыштар 50,3 млн.теңгеге субсидияланды.

Ауыл шаруашылығы бағытындағы жерлерді тиімді пайдалану мәселесіне баса назар аударған қала басшысы құжаттары жоқ егістік жерлер мен сегментацияланған егістік алқаптарды заңдастыру жұмыстарын қадағалауға алуды, игерілмеген егістік жерлер бойынша тиісті жұмыстарды атқаруды тапсырды.

Жақында Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов, ауыл шаруашылығы саласына жауапты орынбасары М.Исахов және ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А.Қаныбековпен бірге қаланың ауыл шаруашылығы саласының дамыуына елеулі үлес қосып жатқан ірі бірқатар нысандарын аралап, олардың жұмыс барысымен танысқан болатын.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*