Мемлекеттік қызметтің беделін арттыру, үздік кәсіби білімі мен дағдысы бар мемлекеттік қызметшілерді анықтау және ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен «Қазақстан Республикасының Үздік мемлекеттік қызметшісі» конкурсы өткізілуде.
Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаменті ағымдағы жылдың 30 мамырына дейін қаланың мемлекеттік қызметкерлері арасында құжаттарды қабылдауды жүзеге асырды. Конкурсқа қатысуға 48 адам ниет білдірді. Конкурсқа жіберілген 37 қатысушыларға 30 мамыр күні сағат 10.00-де WhatsApp мессенджеріне және электрондық пошта арқылы кейстік тапсырмалар жіберілді. Кейстік тапсырмаларға жауаптарды қатысушылар 5 минуттан аспайтын бейнежазба түрінде жолдайды.
Өңірлік комиссия қатысушылардың кейстік тапсырмаларға жауаптарын және мотивациялық эссе сапасын 10 балдық шкала бойынша бағалайды. Өңірлік комиссияның отырысы 1-5 маусым аралығында қашықтықтан (онлайн) өткізілетін болады.
Бағалау қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған үш финалист-үміткер Республикалық комиссияға жіберіледі.
Республикалық комиссия анықтаған жеңімпаздар жылдың «Жылдың Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен, мемлекеттік қызметшілер күніне арналған дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады.