ШЫМКЕНТТЕ ТӨРТ АЙДА 48 МИЛЛИОН ДАНА ЖҰМЫРТҚА ӨНДІРІЛДІ

Шымкент қаласында биылғы жылдың төрт айында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 7,4 млрд. теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда едәуір артқан. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 1 миллиард теңге, мал шаруашылығы – 6,2 млрд. теңгені құраған. Осы уақыт ішінде 4 мың тоннадан астам ет, 13,3 тонна сүт және 48,6 млн. дана жұмыртқа өндірілді.

Мал шаруашылығын дамытып, өнім көлемін арттыру мақсатында жалпы сомасы 2,3 млрд. теңгені құрайтын 7 ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Нәтижесінде жыл соңында қосымша 1,5 млн. литр сүт, 40 млн. дана жұмыртқа, 2,2 мың тонна құс еті, 2 500 тонна ет өндіріліп, 210 жаңа жұмыс орындары ашылатын болады.

Аталған бағыттағы жұмыстарды жүргізуге субсидиялау бағдарламасымен бюджеттен 1140,7 млн.тг қаржы қаралған. Осындай мемлекеттік қолдауға ие болған бірқатар шаруқожалықтың жұмысымен бүгін журналистер арнайы барып танысты.

БАҚ өкілдері ең алдымен Тассай тұрғын алабында орналасқан «ККК» ЖШС –нің құс фермасын аралап көрді. Кәсіпкер жеңілдетілген несиенің арқасында құс шаруашылығын қолға алып, өнімдерін қайта өңдеумен айналысуда.

Бұдан бөлек, олар жылына 100 тоннадан астам бал өндіретін ЖК «Нормухамедов» шаруашылығына барды. 2007 жылдан бал ара шаруашылығын дамытып, асылдандыру жұмыстарына мемлекеттен қолдау алып, алыс-жақын өңірлерге асыл тұқымды аналық аралардың өнімін сатып келеді. Бүгінде мұнда 5000-нан астам бал ара ұясы бар.

Журналистер танысқан келесін нысан «Зертас» ШҚ — ның сүт фермасы. Қожалық 2019 жылы Австрия елінен жеңілдетілген несие және мемлекеттік қолдау арқылы 128 бас сүтті-етті бағыттағы асыл тұқымды сиырлар әкелген болатын. Шаруашылықта жалпы ІҚМ басы 161-ге жеткен. Кәсіпкер сүт өндірісіне мемлекеттен қолдау алуда. Жыл соңына дейін ІҚМ басын 300-ге жеткізіп, шаруашылықты кеңейтуді жоспарлап отыр.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*