АБАЙ КӨЗҚАРАСТАРЫ ЖӘНЕ ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ҚОҒАМЫНЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ

Бүгін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «ТҮРКІ ӘЛЕМІ: АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ КӨЗҚАРАСТАРЫ ЖӘНЕ ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ҚОҒАМЫНЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ» атты онлайн жүйеде халықаралық мәдени-ағарту форумы өтті.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаланың негізгі идеяларын жүзеге асыруға бағытталған мәдени-ағарту форумы еліміздің және шетелдік мамандардың көмегімен, заман талабына сәйкес цифрлық жүйеде ұйымдастырылды.

Форум жұмысына Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің «ЮНЕСКО» қамқорлығындағы Мәдениеттерді жақындастыру орталығының директоры Олжас Сүлейменов, Қазақстан Республикасының Қазақстан Халқы Ассамблеясы Төрағасының бірінші орынбасары, филология ғылымдарының докторы, профессор Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Рухани жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық дамыту институтының басшысы Кемелбек Бақтығұлұлы Ойшыбаев бейнеқұттықтау жолдады.

Мәдени-ағарту форумын Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт Министрлігінің Алматы қаласындағы «ЮНЕСКО» қамқорлығындағы Мәдениеттерді жақындастыру орталығының бас ғылыми қызметкері, жазушы Нағашыбек Қапалбекұлы, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылымдар Академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ханкелді Махмұтұлы Әбжанов, Ресей Федерациясы Бас консулдығының консулы Переверзева Ирина Владимировна, Түркия Республикасы Сельчук университетінің профессоры Хаджи Ахмет Шимшек, Қырғызстан Республикасының Талас мемлекеттік университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Жусупова Моймол Молдабековна, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын Жұртбай іргелі ғылыми баяндамалар жасады.

Мәдени-ағарту форумында республикамыздың Нұр-Сұлтан, Алматы, Семей, Түркістан, Шымкент, Тараз қалаларынан белгілі ғалымдар, мемлекет, қоғам және мәдениет қайраткерлері, ғылыми-зерттеу орталықтардың және институттардың басшылары, сонымен қатар Семей қаласындағы «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі өз зерттеулерімен бөлісті.

Сонымен қатар форумда ғалым, абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлының «Абайдың толық адам ілімі» кітабының тұсауы кесілді.
Форум қатысушыларына Семей қаласындағы Абай мұражайының жаңа жобалары, «МИРАС» Академиясының жұмысы кеңінен таныстырылды.
Форум соңында Шымкент қаласы және Түркістан облысының жалпы орта білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушылары, арнайы орта білім беру мекемелерінің І-ІІ курс студенттері және жоғары оқу орындарының І курс студенттері арасында 2020 жылы ақпан және мамыр айлары аралығында өткізілген ғылыми-зерттеу және шығармашылық жобалардың ІІІ-ші байқауы қорытындыланды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*