ШЫМКЕНТТЕ «АҚЫЛДЫ КҮНБАҒЫС» ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

«Ақылды қалалар» эталондық стандартына сәйкес Шымкент қаласында «Ақылды күнбағыс» ақпараттық-танымдық жүйесі іске қосылды. Аталған жүйе саябақтар мен қоғамдық орындарда тұрғындардың телефондарын қуаттап, жалпыға қолжетімді Wi-Fi пайдалануына мүмкіндік береді. Құрылғы күн көзінен қуат алатын панельдер мен аккумуляторлар арқылы жұмыс жасайды.

«Ақылды күнбағыс» кешені Шымкентте 20 жерге орнатылды: Тәуелсіздік саябағы – 6, Орталық саябақ — 3, Металлург саябағы — 3, Жеңіс саябағы — 3, Дендро саябағы — 3, Қошқар ата — 2.

“Ақылды күнбағыс” күн панельдері арқылы күн көзінен аккумуляторға қуат жинайды. Жиналған қуат ұялы телефондарды, планшеттерді қуаттауға, жарықтандыру шамдарын жағуға, танымдық кешен құрылғысын іске қосуға жұмсалады.
Сонымен бірге Wi-Fi желісін тегін тарату мүмкіндігі бар. Құпия сөз (пароль) ретінде ретінде көрнекті ақын Абай Құнанбаевтың туған жылы мен 2020 жылы атап өтілетін мерей тойын қатар жазу арқылы Wi-Fi желісін қол жеткізуге болады.

Қала тұрғындары мен қонақтары арнайы «Ақпараттық қызмет көрсету» қосымшасы арқылы қаламыздағы көрікті жерлер, архитектуралы нысандар, саябақтар, тамақтану орындары және ойын-сауық кешендері туралы қазақ, орыс,ағылшын тілінде мәлімет алып, олардың орналасқан нүктесін картадан тауып алуына болады.

«Ақпараттық қызмет көрсету» қосымшасына қазақ тіліндегі фильмдер мен ән-күйлер жинақталған.
Идея авторлары: SILKWAY халықаралық университетінің мамандары мен студенттері

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*