ШЫМКЕНТТЕ 200 ОРЫНДЫҚ ПРОВИЗОРЛЫҚ СТАЦИОНАР АШЫЛДЫ

Инфекциялық дерттің өршуіне байланысты Шымкент қаласында қосымша 200 орынға арналған провизорлық стационар ашылды. Мұнда ЖРВИ және пневмониямен күдікті науқастар ем қабылдайды. Стационар ашылған алғашқы күннің өзінде жедел жәрдеммен жеткізілген 20 науқас жатқызылды.

Шымкент қаласының баспасөз қызметінің хабарлауынша, провизорлық орталыққа медициналық ұйымдардан арнайы мамандар шақыртылған. Сондай-ақ, өкпесі зақымданған азаматтардың денсаулық жағдайын жақсарту үшін оттегі балондарын қолдану мүмкіндігі қарастырылған.

Айта кетейік, қалада осыған дейін 1420 төсек-орын ашылған болатын. Оның ішінде 690 орын инфекциялық, 290 — карантиндік, 440 провизор төсек-орны.

Бүгінде Шымкент қаласында жедел жәрдем қызметіне жүгінетіндердің саны артқан. Күніне 2000-ға дейін қоңырау түседі. Науқастардың дені ЖРВИ және пневмония сынды жұқпалы ауруларға шағымдануда. Қолайсыз эпидемиялогиялық ахуалға байланысты медицина мамандары сақтық шараларын күшейту қажеттігін тағы да еске салады.

Өкінішке орай, індеттен Қазақстан бойынша барлығы 140 адам қайтыс болды.

Нұр-Сұлтан қаласы – 38

Алматы қаласы – 26

Шымкент қаласы – 13

Ақмола облысы – 13

Ақтөбе облысы – 1

Атырау облысы – 3

Шығыс Қазақстан облысы – 1

Жамбыл облысы – 1

Батыс Қазақстан облысы – 6

Қарағанды облысы – 10

Қостанай облысы – 3

Қызылорда облысы – 2

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*