ТӨРТ ТҮЛЕККЕ АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ ҰБТ-НЫҢ ЕҢ ЖОҒАРЫ БАЛЫ БЕРІЛДІ

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №1 Білім инновация лицейінің 4 түлегіне Ұлттық Бірыңғай Тестілеу басталарда ҚР Білім және ғылым министрлігінің шешімімен 140 балл көрсеткіші бар сертификат табысталып, тестіден босатылды.

Шымкент қаласы Білім басқармасының «Дарын» орталығы түлектерді шын жүректен құттықтайды. Олар: Әкімбай Диас, Шаназаров Аброрбек, Алишер Шерхан және Исағұлов Әбіш.

2020 жылғы ҰБТ-ы тапсырудағы жаңалықтардың бірі – SAT, ACT, IB халықаралық стандартталған тестілерінің балын ҰБТ-ы балына ауыстыру шкаласы енгізілді. Егер түлек SAT reasoning және SAT subject сертификаттарын ҰБТ-ы тапсыру пунктінде тапсырған болса, сол сертификаттар ҰБТ-ы балы ретінде көрсетіледі және сол сертификаттар арқылы грант беру конкурсына қатыса алады.

Жоғарыда атап өткен №1 Білім инновация лицейінің 4 түлегі халықаралық стандартталған тест тапсырып, бəрі де 700 балдан жоғары ұпай жинаған. Сол себепті оларға автоматты түрде Ұлттық Бірыңғай Тестілеудің ең жоғарғы 140 балы берілді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*