МЕДИЦИНА МАЙТАЛМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Шымкент қаласында қалалық кардиологиялық орталығында жүрек ауруымен бірге COVID-19 жұқтырған науқастарды емдеу мақсатында жұқпалы аурулар емханасы ретінде жұмыс жасап жатқан провизорлық бөлімде қосымша 30 төсек орын қарастырылған.

Орталықтан ашылған арнайы бөлімде коронавируспен ауырған науқастардың денсаулығын жақсарту үшін үздіксіз оттегі берілетін 9 механикалық желдету аппараты қолданылады. Сонымен қатар, барлық қажетті дәрі-дәрмектермен толық қамтамасыз етілген.

Провизорлық бөлімге алғашқы күннен бастап 20-ға жуық науқас келіп түскен. Ал, жағдайы өте нашар және ауырлығы орташа науқастар бірден ауруханаға жатқызылады. Келіп түскен науқастардың басым бөлігі екі жақты пневмония дертіне шалдыққандар. Жағдайы ауыр науқастар үшін орталықтағы реанимация бөлімшесінда қосымша 20 төсек дайындалған.

Қала тұрғындарының өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында шаһардағы денсаулық саласындағы атқарылып жұмыстарға Шымкент қаласының әкімдігі мен Денсаулық сақтау басқармасы тарапынан барынша қолдау көрсетілуде. 6 шілде Елорда күніне орай Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бірқатар денсаулық сақтау саласының мамандарын Президенттің наградаларын табыстады.
Жиында әлемде орын алып отырған дертпен күресте қаламыздың алдыңғы шепте жүрген медицина қызметкерлері мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері марапатталды.
Қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы өз сөзінде: «Бұл марапат осынау қиын кезеңде сіздермен бірге аянбай еңбек етіп жатқан ұжымдарыңыздың да жетістігі деп білемін. Журналистер халықтың үні, көзі, құлағы болса, әрине адам жанының арашасы ақ халатты абзал жандар. ел үшін сындарлы шақта үй бетін көрмей, отбасы, бала-шағасынан жырақ жүріп науқастарды қауіпті дерттен емдеп, жанына шипа сыйлап жүрген медицина қызметкерлеріне баршамыз Алғыс айтамыз», — деп құттықтауын білдірді.

«Парасат» орденінің иегері:
«№6 қалалық емхана» МКК-ның бас дәрігері Гүлнар Күлбаева.

«Құрмет» орденінің иегерлері:
– «Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы» МКҚК-ның зертхана меңгерушісі Қалдыкүл Күлжанова;
— «Қалалық диагностикалық орталық» МКК-ның дәрігері Людмила Кулиева;
— «Жедел медициналық жәрдем көрсету станциясы» МКК-ның бас дәрігері Гүлнар Құрманбекова.
«Ерен еңбегі үшін» медалінің иегерлері:
— «№1қалалық клиникалық аурухана» МКК-ның аға медбикесі Жадыра Иманәлиева;
— «№2 қалалық аурухана» МКК-ның бас дәрігері Сарсен Пернебеков
— «Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы» МКҚК-ның бөлім меңгерушісі Баян Рыстаева;
— «Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы» МКҚК-ның аға медбикесі Алмаш Салтакова.

«Шапағат» медалінің иегерлері:
— «№2 қалалық аурухана» МКК бас дәрігердің орынбасары Күлзайнап Машрапова;
— «Қалалық кардиологиялық орталық» МКК-ның бөлім меңгерушісі Бекжан Перменов,

Құрмет грамотасының иегерлері:
— «Жедел медициналық жәрдем көрсету станциясы» МКК-ның дәрігері Айгүл Айтуреева;
— «Қалалық перзентхана» МКК-ның бөлім меңгерушісі Ержан Әшіров
— «Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы» МКҚК-ның бөлім меңгерушісі Мұқан Бижанов.
ҚР Президентінің Алғыс хатымен марапатталғандар:
— «Оңтүстік» телеарнасының редакторы Мұхтар Атабеков;
— «Оңтүстік» телеарнасының бас инженері Қахарман Сұлтанов.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*