Қаратау ауданы аумағында карантиндік жағдайға байланысты Шымкент қаласының бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес тисті жұмыстар атқарылуда.
Атап айтқанда, аудан аумағындағы барлық 977 кәсіпкерлік нысандар, оның ішінде базарлар, дүкендер, қоғамдық тамақтану орындары, спорттық нысандар, ойын-сауық орталықтары, автожуу бекеттері, моншалар мен сұлулық салондары сынды кәсіпкерлік нысандар өз жұмысын уақытша тоқтатады. Оған себеп, карантин режимінің екі аптаға созылуы мен талаптардың күшейтілгендігі.
Қазір аудан әкімдігі жанынан тиісті мамандардан құралған 14 мониторингтік топ бар. Олар күнделікті, тұрақты түрде сауда орындарын аралап, түсіндіру жұмыстарын атқаруда.
Қаратау ауданы аумағындағы Шахан-2, Сұлтан, Ладушки кондитерлік орталығы, Метро сауда орыны мен азық-түлік дүкендері аумағына күнделікті дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде.
Келушілердің қауіпсіздігін сақтау мақсатында залалсыздандыру жұмыстарының тұрақты түрде жүргізілуі мамандардың бақылауында.
Сонымен қатар сауда орындары санитарлық талапқа сай жұмыс жүргізуде. Тамақтану орындары мен дүкендер ара қашықтықты сақтай отырып, келушілерге қызмет көрсетуде.