ШЫМКЕНТКЕ ДӘРІ-ДӘРМЕКТІҢ МОЛ КӨЛЕМІ ЖЕТКІЗІЛДІ

Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов 20-ға жуық дәріхананы аралап, халықтың арыз-шағымдарымен жеке танысты.

Сондай-ақ, дәріхана сатушыларына дәрі-дәрмек жоқ болған жағдайда басқа сауда атауымен алуға болатынын түсіндіруді тапсырды. Мысалы парацетамолдың панадол сияқты балаларға арналған сироп түрі бар.

Сонымен қатар, қала әкімі дәрі жетіспеушілігінің екі себебін атап өтті. Бірі – алыпсатарлық болса, екіншісі – халықтың үлкен көлемде дәріні артығымен сатып алуы.

Айта кетейік, бүгінде ҚР «Рұқсаттар мен хабарламалар» туралы ҚР Заңына сәйкес, дәрілік заттарды көтерме және бөлшек саудалау — фармацептік қызметтің лицензиялық түрі болып табылады. Аталған кәсіпкерліктің бұл түрін лицензиясыз жүзеге асырғандарға ҚР Қылмыстық кодексінің 214-бабымен 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 5 шілдеде «дексеметазон» дәрілік препаратын шекті бағадан асырып сатып жатқан дәріхана анықталған. Жедел полиция тобы оқиға орнына барып, аталған жайтты анықтады. Қазір тергеу жүруде, нәтижесінде жауапкершілік қаралатын болады.

Осы ретте тұрғындарға айтарымыз, егер де, алыпсатарлықтың немесе дәрі-дәрмекті шекті бағадан асырған жайттың куәгері болсаңын дереу «109» байланыс нөміріне хабарласыңыз. Тек қана дәрігердің жазып берген қағаздағы рецептісі арқылы дәріханаға барыңыз. Көп мөлшерде дәріні сатып алу – өміріңізге қауіп төндіруі мүмкін. Себебі дәрінің сақталу мерзімі мен шарттары бар екенін естен шығармаңыз.

Айта кетсек, қазіргі таңда Шымкентке үлкен көлемде дәрілер жеткізілді, осы аптада дәріханаларға таратылады. Бүгінде қалада дәрі-дәрмектің айлық қоры, атап айтқанда: 25 түрлі 122 825 қорап ыстықты төмендететін, 10 түрлі 148 658 қорап вирусқа қарсы, 27 түрлі 123 050 қорап антибиотиктер, 4 атаудан 42 253 қорап С витаминінің препараттары бар.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*