Шымкент қаласында қуаты 220 кв Бозарық подстанциясының құрылысы жүріп жатыр. Қалалық ақпараттық-коммуникациялық орталық мамандарының хабарлауынша, Щымкенттегі 81 елді мекеннің 46-ы сапалы электрмен қамтылған, 35-інде сапа төмен.
Соңғы 3 жылдың ішінде 9,7 млрд.теңгеге 10 елді мекенге электр желісі және 2 подстанцияның құрылысы салынған.
Қазіргі таңда, қаланың солүстік бөлігіне электр энергиясының қуаты жетіспеуде. Осы мәселені шешу үшін қуаты 220 кВ Бозарық подстанциясының құрылысы жүргізілуде. Құрылысты «Аврора Констракшэн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде.
Подстанцияны 2020 жылдың қазан айында пайдалануға беру жоспарлануда.
Орнатылатын басты құрал жабдықтар:
— учаске аумағы — 2,01 га;
— 220 кВ автотрансформатор — 2х160 МВА;
— 220 кВ-ӘЖ ұзындығы — 29,2 км;
— 220 кВ КРУЭ – 1 жинақ;
— 110 кВ КРУЭ – 1жинақ;
Осы жоба аяқталса, Тұран, Шымкент сити, Асар-2, Бозарық, Бозарық-1,2,3, Достық, Солтүстік саяжай, Ынтымақ-2, Батыс, Қайнар-бұлақ шағын аудандары сапалы электр жарығымен қамтылады дейді мамандар.