ТҰРҒЫН АЛАБТАРДАҒЫ ЖОЛДАР ЖӨНДЕЛІП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛУДЕ

Абай ауданы Самал-3 шағын ауданындағы Ш.Мустафаев көшесіндегі орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. «Нұрлы Жол-7» ЖШС-гі жүргізген құрылыс жұмыстары өз уақытында ел игілігіне тапсырылып отыр.

Ұзындығы 0,620 метр ал, ені 6 метрді құрайтын жол енді тұрғындардың иелігінде.

Енбекші ауданы, Каратөбе тұрғын алабындағы Тойшы ата көшесі де орташа жөндеу жұмыстарынан өтті. Ұзындығы 1,7 шақырым шығытын көшенің құрылысымен «ДостықСпецТранс» ЖШС-гі айналысты.

Енбекші ауданынлағы №86 автобус жүретін жолда толығымен жөнделіп, теп-тегіс жол салынды. Көшенің ұзындығы 1,8 шақырым, ені 5 метрді құрайды.

Абай ауданы, Ынтымак шағынауданындағы Зеленая, «Отан Мұнай» жанар май құю бекетінен кейінгі атауы жоқ көшеге де орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ұзындығы 3,3 шақырымды құрайтын жолдың жөнделгеніне тұрғындар дән риза.

Еңбекші ауданы, Шаңырақ мөлтек ауданындағы Атамұра көшесіндегі орташа жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Мердігер мекеме «Algabas Stroy» ЖШС-гі жол құрылысын ағымдағы жылдың сәуір айында бастаған. Көшенің ұзындығы 290 метр, ені 5 метр. Бүгінгі таңда жол құрылысы толығымен аяқталып, ел игілігіне берілді.

Әл-Фараби ауданы, Бетховен көшесін орташа жөндеу жұмыстарын да мердігер мекеме «Algabas Stroy» ЖШС-гі жүргізді. Маусым айында басталған құрылыс бүгінде пайдалануға берілді. Көшенің ұзындығы 72 метр болса ені 4 метрді құрайды.

Ал, Қаратау ауданы, Орманшы тұрғын алабы, Төлеби көшесінің тұрғындары да жолдары жөнделіп, ризашылықтарын білдіруде. Ұзындығы 250 метр шығатын көшеге орташа жөндеу жұмыстары мердігер мекеме «Algabas Stroy» ЖШС-гі тарапынан жүргізілді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*