13 ШІЛДЕ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ КҮНІ

Қазақстанда коронавирус пандемиясының құрбаны болған азаматтарды еске алуға байланысты бүгін — Жалпыұлттық аза тұту күні.

Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 12:00-де бүкіл ел бойынша бір минуттық үнсіздік жарияланады.

«Әр қазақ – менің жалғызым» дегендей, Әр азаматымыздың қазасы менің жүрегіме қатты батады. Мынау алапат індет арамыздан талай асылдарымызды жұлып әкетуде. Бүгінде қара жамылып отырған азаматтардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Сол үшін 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялаймын. Бірақ, біздің күресіміз жалғаса береді», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев өз үндеуінде.

Қазақстанда ұлттық аза тұту күні қайғылы оқиға салдарынан қаза болғандарды еске алу үшін жарияланады.

Ұлттық аза тұту күнін республика президенті жариялайды. Аза тұту күнін жариялаудың нақты талабы жоқ. Шешім нақты жағдайға байланысты қабылданады. Әдетте, кісі өлімі көп тіркелсе, терактілер мен басқа да қайғылы оқиғалар, аса көрнекті қайраткерлер өмірден озғанда жарияланады.

Аза тұту күні бір күннен бірнеше күнге созылуы мүмкін.

Қара жамылып, қайғы құшқан барша отбасыға қайғыра көңіл айтамыз!
Марқұмдардың жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын!

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*