ШЫМКЕНТТЕ ҚАТЕРЛІ ІНДЕТТІҢ ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛДЫ

Қазақстандықтар бүгін пандемия салдарынан көз жұмғандарды еске алып, аза тұтты.

Бұған дейін Қазақстан халқына үндеу жариялаған Мемлекет басшысы 13 шілде күнді Ұлттық аза тұту күні деп жариялаған болатын.

«Әр қазақ — менің жалғызым» дегендей, әр азаматымыздың қазасы жүрегіме қатты батады. Мынау алапат індет арамыздан аталай асылдарымызды жұлып әкетіп жатыр. Бүгінде қара жамылып отырған азаматтарымыздың қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Сол үшін 13 шілдені Ұлттық аза тұту күні деп жарияаймын. Бірақ біздің күресіміз жалғаса береді», — деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осыған орай сағат 12:00-де Шымкент қаласы әкімдігі, №1 клиникалық ауруханасында және Шымкент қаласындағы Тәуелсіздік саябағында орналасқан ҚР Мемлекеттік туы төмен түсіріліп, бір минуттық үнсіздік жарияланды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*