Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пандемияға байланысты карантин тағы екі аптаға созылатынын мәлімдеді.
«Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин режимі тағы екі аптаға созылып, шілденің соңына дейін жалғасады. Ертең Үкіметтік комиссия шешім қабылдайды. Азаматтарымыз денсаулығын сақтау үшін карантиннің негізгі талабы — өзін-өзі оқшаулау шарасын қатаң ұстануы қажет», — деп жазды Президент Twitter парақшасында.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаева карантиннің ұзартылуына байланысты шілде айында қазақстандықтарға 42 500 теңге жәрдемақы төленетінін айтты.
«Қазір жағдайдың реттеле бастағанының алғашқы нышандары байқалады. Ахуалды толық тұрақтандыру үшін алдағы екі аптаның маңызы зор. Мұқтаж жандарға үкімет шілде айына 42 500 теңге төлейді», — деп жазды Президент.
Эпидемиологиялық ахуалды одан ары тұрақтандыру үшін шектеу шаралары 20 шілдеден бастап 2 тамызға дейін ұзартылды. Осы ретте барлық қазақстандықтарды карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз.