COVID-19-БЕН КҮРЕСУГЕ ЖАҢА САЙТ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Шымкентте қауіпті індет — коронавирус жайлы мәліметтерді жинақтайтын www.covid19shymkent.kz ақпараттық порталы жұмысын бастады. Бұл пандемия деп жарияланған COVID-19 туралы ақпарат алып отыруға мүмкіндік береді.

Қазақстанда баламасы жоқ бұл сайтты U:projects қоғамдық бірлестігінің жас бағдарламашылары жасап шығарды. Олар ұсынған жобаны Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бірден қолдаған.

U:projects жобасының негізін салған Тохтар Әлімбеков: «Біз сайтты тестілеуді табысты аяқтап, оны іске қосудамыз. Бұған дейін жергілікті денсаулық сақтау және цифрландыру басқармаларының мамандары барлық аурухана, емханалардан, поризорлық орталықтардан қанша бос төсек орын бары, емдеу мекемелеріне қанша науқас коронавируспен, пневмониямен, ОРВИмен түскені, ИВЛ аппаратының, кислород баллондарының, т.б қайсы мекемеде жетіспейтіні туралы ақпараттарды жинады. Біз пандемиямен күреске өз үлесімізді қосуды ұйғарып, арнайы сайтты тегін жасадық. Бұл биліктің жұмысын жеңілдетеді, ал тұрғындардың ауқымды ақпараттар алып отыруына көмектеседі».

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*