ШЫМКЕНТ ӘКІМДІГІ ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ТУЫСТАРЫНА ТӨЛЕНГЕН СОМАҒА ҚАТЫСТЫ ТҮСІНІК БЕРДІ

ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ТУЫСТАРЫНА ТӨЛЕНГЕН СОМАҒА ҚАТЫСТЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ КЕЛЕСІНІ ХАБАРЛАЙДЫ:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқан 10 миллион теңге көлемінде өтемақы төлеу туралы шешімді арнайы комиссия қабылдайды. Қазіргі таңда комиссия мүшелері әрбір нақты жағдай бойынша тиісті жұмыс жүргізуде.

«Берілген бір миллион теңге төлемдерге келетін болсақ, қала әкімдігі арнайы комиссияның қорытындысын күтпей, қосымша қаржылық көмек беру туралы шешім қабылдады»,-деп жазды қала әкімі Мұрат Әйтенов өзінің instagram дағы жеке парақшасында.

Сондай ақ қала басшысы бұл қаражаттың «Шымкент — Қайырымды қала» әлеуметтік қорынан бөлінгенін еске салды. Жазба соңында Мұрат Дүйсенбекұлы қаза болған дәрігерлердің туыстарына, сондай-ақ пандемия кезінде өмірден озған баршаның отбасына қайғыра көңіл айтты.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*