Ағымдағы жылдың 24 наурызы мен 17 шілде аралығында коронавирус ауруымен Шымкентте 4306 жағдай тіркелеген. Атап айтар болсақ, 2203-і симптомды, 2103-і симтомсыз.
Өткен тәулікте бізде 55 жағдай тіркелген. Оның ішінде: симтомды 27 болса, симптомсызы -28. Бұл туралы бүгін өткен брифингте Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Т.Варзилов баяндады.
Жазылып шыққан науқастар 2499 адамды құрады.4006 жағдайдың 22-і сырттан келген азаматттар, ал 2990-ы жергілікті науқастар. Оның 1290-ы қарым-қатынаста болған азаматтар.
Жас ерекшеліктері бойынша 18 жасқа дейінгі балалар 560, ал ересектер – 3746.
-Ағымдағы жылдың маусым айының 1-і күні жұқпалы ауруханадағы төсек орын қоры 450 болатын, маусым айының соңына дейін қосымша 200 төсек -орын ұйымдастырылып, нәтижесінде 650-ге жетті,-деді басқарма басшысының міндетін атқарушысы Т.Варзилов.
Оның ішінде: реанимациялық төсек-орын – 60, кислородпен қамтылған төсек-орын 155;