«BI-GROUP» КОМПАНИЯСЫ ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫН СЫЙҒА ТАРТТЫ

Шымкентегі қос бірдей ауруханаға «BI-Group» компаниясы өкпені жасанды желдету аппаратын сыйға тартты.

Дүниежүзіне белгілі «Dräger» компаниясы өндірісіндегі өкпені жасанды желдету аппаратының сапасы жоғары. Ол әлемдік қолданысқа ие құрылғылардың бірі болып саналады. Елімізге танымал құрылыс компаниясы «BI-Group» бүгін осындай екі құрылғыны шымкенттік дәрігерлердің иелігіне тапсырды. Олар енді жанына дауа іздеген тұрғындарға өз көмегін тигізетін болады.

Яғни, өкпені жасанды желдету аппаратының бірі қалалық кордиологиялық орталықтағы правизорлық бөлімге берілді. Мұнда жұқпалы ауруға шалдыққан 30 науқас ем алуда.

Ал, екінші өкпені жасанды желдету аппараты 2 қалалық ауруханаға берілді.

Пандемиямен күрес барысында қорлар мен осындай жомарт жандар да шетте қалмай өз көмектерін көрсетуде. BI-Grоup компаниясы алдағы уақытта да қайырымдылық іс-шарасын жалғастыра бермек.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*