КАРАНТИН РЕЖИМІН САҚТАМАҒАН КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРҒА ХАТТАМА ТОЛТЫРЫЛДЫ

Әл-Фараби ауданында карантин режимін сақтамаған кәсіпкерлік нысандарға хаттама толтырылды.

– Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А.К.Тулебаевтың №25,26 қаулыларының орындалуы бойынша, құзырлы мекемелердің тарапынан құрылған мониторинг топтың құрамымен аудан аумағында орналасқан кәсіпкерлік нысандарды аралап, мониторинг жұмыстары жүргізілді.

Құзырлы мекемелердің қатысуымен жүргізілген мониторинг жұмыстарының барысында санитарлық-эпидемиялық талаптарды және шектеу шараларын сақтамаған кәсіпкерлік нысандарына бірнеше хаттама толтырылды.

Атап айтқанда, Қазыбек Би көшесі бойында орналасқан «Азия» кафесі және Ж.Ташенов көшесінің бойында орналасқан «ROZY_SHYM» дүкен егелеріне хаттама толтырылып, алдағы уақытта талаптар мен ережелерді қайта орындамаған жағдайда әкімшілік жауапқа тартылатындығы ескертілді, деп атап өтті Әл-Фараби ауданы әкімі Ғабит Мәуленқұлов.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*