ШЫМКЕНТ ӘКІМДІГІ 3 МЛРД ТЕҢГЕ ҮНЕМДЕДІ

Шымкент қаласының әкімдігі ел аумағына төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты басым емес бюджет шығыстарын оңтайландыру мақсатында 2020 жылдың бюджетін қайта қарады.

Екі рет нақтылаудың нәтижесінде 3 094,5 млн. теңге оңтайландырылды. Қысқартылған шығынның ішінде техникалық құралдарды сатып алуға, түрлі іс-шараларды өткізуге, қаланы абаттандыруға арналған қаржы бар.

Үнемделген қаржы індетке қарсы күрес шараларына, ауруханаларды дәрілік заттар мен медициналық құрал-жабдықтармен қамтуға бағытталды. Нақтылап айтқанда, 1 647,5 млн теңге дәрілік заттар мен медициналық құрал-жабдықтар сатып алуға, медицина қызметкерлерін уақытша баспанамен қамтамасыз етуге және көлікпен тасымалдауға, оттегі станциясын орнатуға бағытталса, 236,3 млн. теңге қаланы дезинфекциялау жұмыстарына, ал 2 050,0 млн. теңге қаладағы жұқпалы аурулар госпиталының құрылысына бағытталған.

Және де шілде айында қалалық бюджетті нақтылауы болады. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты бюджет шығындарына талдау жасалып, жалпы 7 214,6 млн. теңге оңтайландырылады деп жоспарлануда. Нақтылау кезінде мәдени іс-шаралар өткізу, қаланы көгалдандыру – абабаттандыру, қызметтік іссапарлар, мемлекеттік мұқтажға жер телімдерін алу, құрылыс жұмыстары сияқты шығындар қысқартылады. Аталған қаржы денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*