195-ОРАМДАҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕСІ ТОЛЫҒЫМЕН ШЕШІЛЕДІ

Шымкент қаласындағы Бадам шағын ауданына қарасты 195-орам тұрғындары биыл толығымен ауыз су мен көгілдір отынға және электр жарығымен қамтамасыз етілетін болады. Аталған шағын ауданның тұрғындарымен кездескен Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов осылай деді.

Кездесу барысында аудан әкімі барлық инфрақұрылым жұмыстары аяқталған соң асфалть жол төселіп, қоғамдық көлікте қатынайтынын жеткізді. Сондай-ақ, ол алдағы уақытта мектеп пен балабақша салынатынын да атап өтті.

Бұған дейін 195-орамдағы 300-ге жуық отбасы суды тасымалдап пайдаланып келген болса, жеке меншік қуат реттегіштен қымбат энергия жарығын алып келген.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мамандарының хабарлауынша, мамыр айында басталған құрылыс жұмыстары тоқтаусыз жүріп жатыр. Жауапты мердігер компания «Жәнібек Айдос» ЖШС-нің прорабы Теңел Жақсымұратов нысанды қараша айында тапсырамыз деп отыр.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*