«ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАРШЫСЫ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ МАРАФОНЫ БАСТАЛАДЫ

«Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы мен «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігі медициналық мекемелер мен коронавирустық инфекцияға қарсы күреске мұқтаж азаматтар үшін қажетті құрал-жабдықтар, тауарлар, дәрі-дәрмектер жинау мақсатында республикалық #жақсылықжаршысы қайырымдылық марафонын іске қосады.

Акцияға кез-келген адам қатыса алады. Қаржылай көмек көрсетуге, өнімді ұсынуға немесе қызмет түрін көрсетуге, мүмкіндігінше жеңілдіктер беруге немесе ерікті ретінде әрекет етуге болады.
#Жақсылықжаршысы марафоны 2020 жылы 21 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында басталды.

22 шілдеде эстафетаны Алматы қаласы, одан кейін Шымкент қабылдайды, одан әрі эстафетаны Атырау қаласына, одан әрі — еліміздің қалған өңірлеріне береді. #Жақсылықжаршысы акциясы барысын қадағалаушы ретінде қоғамдық бақылаушылар қатысады.

Шымкент қаласында марафонға белгілі медиалық тұлғалар мен спортшылар қатысады: бокстан Олимпиада чемпионы Біржан Жақып, ақын Құрманай Бақтиярқызы, журналист Асхат Садырбай, «Алдараспан» әзіл-ысқақ театрының директоры, актер Нұржан Төлендиев, актер Дәнекер Оразбай, әзіл-ысқақшы Медет Досқанаев, актер, КВН-шы Марат Достаев. Олардың барлығы азық-түлік және медициналық жиынтықтарды өлшеп-орауға және Шымкент қаласының әл-ауқаты төмен отбасыларыңа жеткізуге қатысады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*