Шымкент қаласындағы Мұнай өңдеу зауыты медицина қызметкерлеріне гуманитарлық көмек көрсетті.
«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС мен «Шымкент – қайырымды қала» әлеуметтік қорымен бірлесе Covid-19 инфекциясымен күрестің алдыңғы сапында жүрген медициналық ұйымға гуманитарлық көмек көрсетті.
Аталмыш компания өкілдері № 2 қалалық ауруханаға қарасты провизорлық станционарға 10 мың медициналық бетперде мен 1000 қорғаныш кастюмдерін тарту етті.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мамандарының хабарлауынша, жұқпалы індетпен күресте ерен еңбек етіп жүрген дәрігерлерге алғысын білдірген серіктестік өкілі Ринат Ақбердиев компания тарапынан алдағы уақытта тағы да қолдау болатынын жеткізді.
Айта кетейік, бүгінде қаладағы провизорлық орталықтарда 3610 төсек-орын болса, оның 260-сы осы №2 қалалық аурханаға қарасты. Бүгінгі таңда мұнда 200 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл орталық қажетті дәрі-дәрмектер мен тыныс алу қондырғыларымен толық қамтылған.
Шымкент қаласының әкімдігі тарапынан провизорлық станционарға қосымша 6 ИВЛ аппараты жеткізілген болатын.