Шымкент қаласы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сай «Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының» ғимаратында карантин жарияланды.
Осыған байланысты бүгінде мекеме тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер онлайн түрде атқарылады. Азаматтар http://egov.kz/cms/ru порталы арқылы басқарма тарапынан көрсетілетін барлық қызметтерге қол жеткізе алады.
Қызметтердің қолжетімділігі бойынша басқарма қызметкерлері азаматтарға ұдайы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырады. Соған қарамастан азаматтар карантин шектеулері мен санитарлық ережелерді ескермей ғимаратқа келіп жатыр. Қазір халықтың басым көпшілігі басқарманың АХАТ тіркеу қызметтеріне және жұмысынан айырылған азаматтарға берілетін әлеуметтік көмек (42500 теңге) алу бойынша келуде.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың 21 шілде күні 117 туу куәлігі,100 неке тіркеу куәлігі, 1 неке бұзу куәлігі тіркеліп берілді. Аталған қызметтердің барлығын онлайн түрде рәсімдеуге болады.
Азаматтар белгіленген үлгідегі дайын куәліктерін алу үшін басқармаға келуде. Ал жұмысынан айырылған азаматтарға берілетін әлеуметтік көмекті тұрғындар үйде отырып-ақ онлайн түрде сұраныс беру арқылы алуға болатыны түсіндіріліп жатыр. Карантин шектеулері инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында қолға алынып отырғанын ескертеміз. Сондықтан да тұрғындарға карантин шектеулері мен санитарлық талаптарды қатаң сақтауды сұрана отырып, төмендегі қызметтердің онлайн түрде қолжетімді екенін тағы да еске саламыз:
1.Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу
2. Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама беру
3. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу
4. Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу
5. Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру
6. Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру
7. Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу
8. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу
9. Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу
10. Әкелікті анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу
12. Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу
13. Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы жазбаларын жою
14. Мүгедек баларды үйде оқытуға жұмсалған шығындыарды өтеу
15. Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру
16. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау
17. Ақталған азаматтарға куәліктер беру
18. Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азматтарды тіркеу және есепке алу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру
19. Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды рәсімдеу.
20. Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдарымен қамтамасыз ету.
21. Жүріп тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды рәсімдеу.
22. Мүгедектерге кресло-арбалар беру.
23. Мүгедектерге санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету.
24. Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар рәсімдеу.
25. Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар рәсімдеу.
26. Жұмыссыз ретінде тіркеу