«BI GROUP» құрылыс компаниясы медицина мекемелеріне кезекті рет көмек көрсетуде. Аталмыш компания Шымкент қаласынадағы провизорлық станционарларға 82 дана оттегі концентраторын жеткізді.
Бұл құрылғы COVID-19 инфекциясы мен пневмония ауруына шалдыққан ауыр халдегі науқастарды емдеуге арналған.
Бүгін құрылғының 10 данасы «Асар» шағын ауданындағы жұқпалы аурулар орталығына табысталды. Қазір бұл жұқпалы аурулар орталығында коронавирус инфекциясына шалдыққан 140 науқас ем алып жатыр.
Дәрігерлер соңғы екі аптада сырқаттар санының айтарлықтай азайғандығын айтуда.
Осындай игі істерімен құрылыс компаниясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың коронавирус таралуымен күресте көмек көрсету бойынша үндеуін қолдайтынын жеткізді.
«Короновирусқа қарсы күресте дәрігерлерге қол ұшын беру үшін еліміздегі облыс орталықтарына, аудан-қалаларына 1000 дана оттегі концентраторы аппаратын жеткізіп жатырмыз. Оның ішіндегі 82-сін арнайы Шымкент қаласына алып келдік. Қазіргі кезде өкпесі қабынған науқастар оттегі жетпей қиналуда. Енді бұл аппараттар сырқаттанған жанның өмірін сақтап қалуға ықпал етпек. Аппараттарды компания топ басшылары мен серіктестік өкілдері өз қаражат есебінен сатып алып, ауруханаларға табыстауда»-дейді компания өкілі Айдын Майусов.
Айта кетейік, бұған дейін BI Group кәсіпорыны қаладағы ауруханаларға Ресейде жасалған оттегі концентраторларының ең озық және тиімді аппараттарын тарту еткен.