«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» ІС-ШАРАЛАРЫ ОНЛАЙН ӨТУДЕ

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мәселелері өңірлік жобалық кеңселермен онлайн форматта талқыланды.

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тлеповтың төрағалығымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша онлайн форматта жұмыс кеңесі өтті.

Кеңеске әкімдіктердің, Бағдарламаның өңірлік жобалық кеңселерінің және «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының өкілдері қатысты.
Кеңес Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына көшу шеңберінде өткізілді.

Іс-шара барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іс-шараларын онлайн форматта өткізу, өңірлік жобалық кеңселер және Қазақстандық қоғамдық даму институтының қызметі мәселелері талқыланды.
Бүгінгі таңда Бағдарламаның негізгі іс-шаралары мен жобалары 2020 жылға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде жүзеге асырылуда.

Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты қазіргі уақытта іс-шаралар онлайн форматта өткізілуде.

Ағымдағы жылдың 2-ші жарты жылдығында мына бағыттар бойынша жұмыс басты назарға алынады:
1) «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі мақсатты аудиториясы – жастар арасында жоғары талғамды қалыптастыру (мінез-құлықта, мәдениетте, музыкада, кинода және т.б.);

2) Ел Президенті нақты белгілеген бағыт – халық арасында, соның ішінде жастар арасында экологиялық тәрбиені қолға алып, тиісті мәдениетті қалыптастыру;

3) Жастар арасында кітап оқу мәдениетіне байланысты бағытта нақты іс-шараларды жүзеге асыру, яғни, жастарды кітап оқуға баулу қажет;

Талқылау қорытындысы бойынша ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Б. Тілепов Бағдарламаны жетілдіру және одан әрі тиімді іске асыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*