ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен 2020-2021 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық барысы туралы жиын өтті.

Жиында қалалық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Ж.Шайхисламов алдағы қыс мезгілінде жылу беру маусымына дайындық барысы туралы баяндады. Айтуынша, тұтынушыларды жылумен қамтамасыз ететін коммуналдық кәсіпорындардың жөндеу жұмыстары жоспармен жүзеге асырылып келеді екен.

«Мәселен, «3-Энергоорталық» АҚ-ның қысқы маусымға дайындық жұмыстарына бөлінген 648 млн. теңгенің бүгінде 50 пайызы игерілген. Яғни, жоспардағы жұмыстардың басым көпшілігі аяқталып отыр. Сонымен қатар магистральдық және ішкі орамдық жылу жүйелерінің қысыммен тексеру жұмыстары 94 пайызға орындалған. Ал орталық жылу қуатына қосылған 1896 көпқабатты тұрғын үйлердің бүгінгі таңда 765-і қысқа толық дайын. Қаланың білім саласындағы дайындық жұмыстары 95 пайызды құраса, қалған нысандар 15 тамызға дейін дайын болады»,-деді басқарма басшысы.

Қала әкімі жиынға қатысқан сала мамандарына мәселені жіті назарда ұстау керектігін айтып, жұмысты ширатуды тапсырды. Сондай-ақ, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт нысандарының дайындық жұмыстарын 1 қыркүйекке дейін аяқтауды міндеттеді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*