Шымкент қаласында «Дәрігерлерге мың алғыс!» жалпыұлттық акциясы өтті.
Акцияның мақсаты — бірнеше айға жуық уақыттан бері қауіпті індетпен күресіп жүрген дәрігерлерге алғыс айту.
Акция аясында Толстова 121 мекен-жайында орналасқан Шымкент қалалық «Жедел жәрдем көрсету станциясы» дәрігерлеріне алғыс білдірілді.
Қайырымдылық шарасы аясында еріктілер 100-ден астам денсаулық себетін дайындады. Себетке азық-түлік, иммунитетті нығайтуға арналған өнімдер салынған.
Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып «алғыс себеттерін» дайындауға «Шымкент қаласының ACCESS бітірушілері «ASАА» жастар қоғамдық бірлестігі, Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» ,«Шаңырақ жастар мен жас отбасыларды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігі, «Асыл жүрек» қайырымдылық қоры, Қазақстан темір-жол төрағасы , Зарина Жиенбаева қоғамдық бірлестігі, «Пища жизни» қайырымдылық қоры, «Оңтүстік жастары» қоғамдық қоры «Jas Otan» Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалы, «Жас ғалым — жастары» қоғамдық бірлестігі, Шымкент қалалық «Жастар мәслихатының» депутаты
аталған акцияға қолдау көрсетті.
Волонтерлармен ұйымдастырылған акция барысында барлық сақтық шаралары ескерілді.