«ДОСТАСТЫҚ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ МУЗЫКАСЫ» ОНЛАЙН-ФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ

1 — 15 тамыз аралығында «Шымкент 2020 – ТМД-ның мәдени астанасы» іс-шаралар жоспарына сәйкес ТМД елдері арасында халық аспаптарында орындаушылардың «Достастық халықтарының музыкасы» онлайн-фестивалі өтеді.

Фестивальдің мақсаты достастық елдері халықтарының арасында мәдени мұра мен рухани құндылықтардың бірегейлігін насихаттау, рухани және шығармашылық байланыстарды кеңейту, түрлі халықтардың музыкалық мәдени мұрасымен танысу, халық аспаптарында орындаушылық дәстүрлерін сақтау және дамыту, халық-аспаптық өнерді интернет кеңістігінің кең тыңдаушылар аудиториясында танымал ету, достастық елдері халықтарының дәстүрлі мәдениетінің үлгілерін зерттеуге және игеруге деген қызығушылығын ынталандыру.

Фестивальге қатысушылар өз халқының фольклорлық композициясын орындап, бейнетүсірілімді Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде өздерінің жеке парақшаларында #SNGKZ2020, #TMDSHYMKENT2020 хэштегтерімен жариялайды.

Жеңімпаздар арнайы алғыс хаттармен және карантин режимі аяқталған соң 2021-2022 жылдар аралығында Шымкент (Қазақстан) қаласында өткізілетін халықаралық іс-шараларға шақырту алады.

Онлайн-фестивальді ТМД қатысушы елдерінің Гуманитарлық ынтымақтастық мемлекетаралық қоры мен Қазақстан Республикасындағы Росынтымақтастық өкілдігінің қолдауымен Шымкент қаласының әкімдігі, Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы ұйымдастырады.

Айта кетейік, 2017 жылы 11 қазанда Сочиде өткен Тәуелсіз мемлекеттер достастығының мемлекет басшылары кеңесінің отырысында 2020 жылы Шымкент қаласы Тәуелсіз мемлекеттер достастығының (ТМД) мәдени астанасы болып белгіленген болатын.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*