Құрбандық 2020, құрбандық шалу кімдерге міндетті? Құрбандыққа шалынатын малдарға қойылатын талаптар қандай? Оны қалай таратқан жөн? Қайырымдылық қалай жасалады? Осындай сауалдарға бүгін өткен онлайн сұхбатта жауап берілді.
«Дәстүр және ғұрып» атты онлайн сұхбат Шымкент қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасы «Рухани Жаңғыру» бөлімінің ұйымдастыруымен өтті. Бейнежүздесудің қонағы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру бөлімінің басшысы Рыспеков Кенжебек Төребайұлы болды.
Онлайн сұхбатта алдағы барша мұсылман халқына қасиетті саналатын Құрбан Айт мейрамына тоқталып, қазіргі пандемия кезіндегі құрбандық шалу рәсімінің өзгергені сөз болды.
Айта кетейік, азаматтардың құлшылық амалға деген ниетін орындау мақсатында онлайн құрбан шалу тәжірибесі іске қосылған болатын. Qurban2020.kz сайты арқылы тұрғындар құрбандық малын таңдап, төлем жасап, құрбандықты онлайн жасай алады.
Сондай-ақ, әңгіме барысында тал бесіктен жер бесікке дейінге уақыт аралығында адамзат баласының ұстанатын салт-дәстүр, халықтың мінез-құлық үлгілері, жаңарған және көнерген рәсімдер мәселелері кеңінен тарқатылып айтылды.